"Жуырда краш боламын": Әлем чемпионы қазақстандық ауыр атлет “ерекше” медициналық процедура жасатты

Әлем чемпионы, қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы ерекше медициналық процедура жасатқанын айтып, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауыр атлетикадан әлем чемпионы оқырмандарына жаңалығымен бөлісіп, шаш өсіретін медициналық процедурадан өткенін мәлімдеді.
"Барлығыңызды шошытып алған сияқтымын. Инстаграмым жарылып кетті ғой. Алдағы уақытта шашты қалай күту керек, қалай өсетінін – бәрімен бөлісемін. Үш, төрт айда краш Нұрғисаны көретін боласыздар", – деп әзілдеді Нұрғиса Әділетұлы.
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Жанкүйерлер де бұл жаңалыққа таңданысын жасыра алмай, түрлі пікір қалдырды.
"Әп-бәрекелді! Жуырда Қайрат Нұртас болайын деп тұрсың ғой", – деп жазды олардың бірі.
Нұрғиса Әділетұлы 2024 жылы Манамада өткен әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаевтан кейін араға он жыл салып әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол – 2020 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.
Алматы облысында жеке үйдің "жаңа жылдық" безендіруі желідегілерді сүйсінтті (видео)
Алматы облыстық ТЖД ғимараттардың сырьын Жаңа жылға безендіру заңға қайшы келмейтінін атап өтті
Елдос Сметов жоқ: Париждегі “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Елдос Сметов болса 2024 жылы Париж Олимпиадасынан бері әлі татамиге оралған жоқ

