Жас ауыр атлетіміз әлем чемпионатында топ жарды
Ауыр атлетикадан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Нұрдос Сабыр әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Нұрдос 89 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерді. Күміс жүлдені армениялық Валерик Мовсесян иеленсе, қоланы Бекзод Гофиржанов жеңіп алды. Былтырғы әлем біріншілігінде екінші орынға тұрақтаған Нұрдос Сабыр биыл сол олқылықтың орнын толтырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Перудегі әлем чемпионатында Нұрдостан бөлек, Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді.
Алматы облысында жеке үйдің "жаңа жылдық" безендіруі желідегілерді сүйсінтті (видео)
Алматы облыстық ТЖД ғимараттардың сырьын Жаңа жылға безендіру заңға қайшы келмейтінін атап өтті
Елдос Сметов жоқ: Париждегі “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Елдос Сметов болса 2024 жылы Париж Олимпиадасынан бері әлі татамиге оралған жоқ

