Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 91-ге дейін өсті
Жапон билігінің соңғы мәліметтері бойынша, 1 қаңтарда болған Ното түбегіндегі жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер саны 91-ге өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 қаңтарда таңертең Жапонияның батысында 7,6 баллдық жер сілкінісінен кейін қайтыс болғандар саны едәуір өсті. 55 адам Ваджима қаласында мерт болды.
Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Жапонияның батысында бірқатар ірі жер сілкіністері болды. Жалпы алғанда, екі сағат ішінде Исикава мен Ниигата префектураларында 30-ға жуық жер сілкінісі тіркелді, ең қуатты магнитудасы 7,6 болды. Сонымен бірге Жапония премьер-министрі Фумио Кисида жер сілкінісінен бері 40 сағаттан астам уақыт өткенін және зардап шеккендерді құтқару үшін уақытпен жарысып жатқанын хабарлаған едік. Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны әлі көбеюі мүмкін.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған