Жанболат пен Жазираның ұлы Мальдив аралдарында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады

Жұлдызды жұп Жанболат Ерболатов пен Жазира Байырбекованың ұлы Қазбек Қожахметов сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жаңалықты өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Қолыңа қонған бақ құсың құтты болсын. Махаббаттарың мәңгі, ниеттерің ақ болсын. Аллам тіл-көзден сақтасын!” – деп жазды ол.
Бүгінде әншілердің ұлы мен келіні діни некесін қидырып қойған көрінеді. Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас желідегі парақшасында жазба жариялап, жас-жұбайларды құттықтады.
Кадрлардан Қазбек Қожахметовтың қолынан мұсылман неке куәлігін байқауға болады.
Сондай-ақ Олжас Еспанов “Қатарымызға қош келдіңдер! Бұйырса той!” деп жазған.
Айта кетейік, бұған дейін жақында жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың шаңырағында той болатыны хабарланған еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған