Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген

Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберген Фото: Ru.freepik.com

Қайғылы жағдай Жамбыл облысы Төле би даңғылы бойындағы жатақханалардың бірінде болған. 36 жастағы әйел өз үйінің терезесінен екі кішкентай баласын лақтырып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

5 жастағы қыз бен 3 жастағы ұл аман қалып, жедел түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Балаларға көп жарақат (политравма) диагнозы қойылды. Қазір балалар жансақтау бөлімінде жатыр.

Екі бала да бас миының жарақатын алып, олардан ми ісігі анықталды. Қыз баланың жамбас сүйегі сынып кеткен. Дәрігерлер ертең оған ота жасалатынын айтты.

HAalyqstan Telegram арнасының мәліметінше, қайғылы жадайдың алдында әйел күйеуімен жанжалдасып қалған. Ұрыс-керістен кейін ер адам үйден шығып кеткен. Ал әйел эмоцияға ерік беріп, алдымен қызын, сосын ұлын терезеден лақтырып жіберген. Өзі де соңынан секіріп кетпек болған, бірақ соңғы сәтте ойынан айнып қалған.



Кейінгі жылдары әйелді қатты бас ауруы мазалап жүрген.

Екі кішкентай баланы өлтірмек болды деген фактімен Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ күйеуінің де болған іске қатысы бар деген ақпарат тарады.

Балалар омбудсмені Динара Закиеваның айтуынша, бұған дейін балалардың анасы күйзелісте жүрген. Алайда оның емдеу курсы толық аяқталмаған. Қазір оған қатысты кәмелетке толмағандарды өлтіруге оқталу бабы бойынша іс тергеліп жатыр.

“Өңірлік уәкіл балаларды ауруханада барып көрді. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыздың жағдайы ауырлау, сүйектері сынған”, – деді балалар омбудсмені.

Закиеваның сөзінше, балалардың алдын алу және қорғау ісіне кедергі келтіріп отырған күрделі мәселелердің бірі – медициналық құпия.

“Медициналық құпияға байланысты денсаулық сақтау органдары ауыр депрессиялық жағдайы бар ата-аналармен бірге тұратын балалар туралы немесе психикалық денсаулыққа қатысты диагноздар бойынша есепте тұрған ата-аналар жөнінде балалардың құқықтарын қорғау органдарына хабар бермейді. Қатыгездік көрсету мен кісі өлтірудің ондаған фактісі көбіне осындай жағдайлармен байланысты. Балалардың құқығын қорғау міндетін атқаратын органдар қажет болған жағдайда барып, тиісті шаралар қабылдау үшін олардың қолында осындай ақпарат болуы тиіс. Бұл мәселені заңнамалық деңгейде шешу қажет деп санаймын”, – деді Закиева.

Балалар омбудсменінің мәліметінше, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты күн сайын 5 қылмыс тіркеледі. Олардың 60-70 пайызы жақын туыстары, яғни, анасы, әкесі немесе жақындарынан біреуі жасайды.  

“Мұндай қауіп-қатер мен қылмыстарды анықтау өте қиын, себебі олар үйде, қоғамнан тасада жасалады. Осыған байланысты соңғы екі жылда қабылданған заңдар арқылы тәуекелдерді және құқық бұзушылық фактілерін ерте анықтауға, көмек көрсетуге және отбасылармен жұмыс істеуге бағытталған түрлі құралдар мен тәсілдер енгізілді”, – деп атап өтті омбудсмен.

Нәтижесінде өткен жылы 29 мың ата-ана ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, 1 126 ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылды. Тағы 660 адамның құқықтары шектелді.

Еске салайық, бұған дейін 30 шілдеде сағат 13:00-де дәрігерлерге әйелдің екі баласын терезеден лақтырып, өзі де бесінші қабаттан секіргені туралы хабар түскен. Кейін полиция оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлаған. Оқиға болған күні кішкентай ұлына бір бүйрегін алу операциясы жасалған. Операция кезінде оның жүрегі тоқтаған, бірақ дәрігерлер оны қайта қалпына келтірген. 1 тамызда кішкентай ұлдың жүрегі қайтадан тоқтаған. Оқиға болғаннан екі аптадан кейін, үлкен ұл ауруханадан шығарылғаны белгілі болды. Оған бір жылдық қалпына келтіру қажет болады.

Тамыз соңында дәрігерлер балалардың анасының өзіне ауруханадан шығарылғанын хабарлаған. Қазан ортасында қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды. Полиция хабарлағандай, әйел психикалық денсаулық орталығында емделіп жатыр. Қазан соңында облыстық сотта әйелге қатысты қылмыстық іс қарауға түскені хабарланды. Сонымен қатар сот отырыстары жабық режимде өтетіні түсіндірілді. Кейін әйелдің қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Ақпан, 2026 11:47