Қазақстандықтардың зейнетақылары нашар басқарылады: Зейнеткерлер қазір онсыз да кедей, тағы кедейлене түсе ме

коллаж: Stan.kz
Бүгінде 2,5 миллион салымшының ойында жүрген басты бір сұрақ бар. Ол – неге зейнетақы жинақтары жай ғана өсіп қана қоймай, іс жүзінде құнсызданып жатыр? Жауап сандарда жатыр. Ресми инфляция ақша құнының 12,3%-ын "жеп қойып" жатқанда, БЖЗҚ-ның басқаруы теріс активтері табыстылық көрсетіп отыр. Экономика сарапшысы Айдар Алибаев уәде етілген "алтын қарттық" неліктен күнкөріске айналғанын және Ұлттық банк баға өсімінде қалайша жеңіліп жатқанын талдап көрді.
Шынайылық пен статистика: 2025 жылғы сандар
2025 жылғы деректерге сай, елдегі ресми жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болды (оның ішінде ынтымақты – 95 549 тг, базалық – 47 594 тг).
"Мұндай зейнетақы қарт адамның ең қарапайым қажеттіліктерін өтеуге жете ме? Әрине, жетпейді!" – дейді сарапшы. Оның айтуынша, негізгі шығындар (азық-түлік, коммуналдық қызметтер, емделу) табыстан асып, жылдам қымбаттап жатыр.
Айдар Алибаев көп зейнеткердің нақты табысы осы орташа көрсеткіштерден де төмен екенін айтып отыр. Индексация да жағдайды құтқармайды: Биыл 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін төлемдер 10% артты, алайда бұл өсім 2025 жылғы 12,3% болған ресми инфляциямен толық жабылып отыр.
"Алтын қарттықтың" күйреуі: жүйе нәтижелері
29 жылға аяқ басқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі әл-ауқаттың іргетасы болады деп ойластырылған еді. Алайда 2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша (жалпы көлемі 25,21 трлн теңге болғанда) бір салымшының орташа шоты небәрі шамамен 2,23 миллион теңге (шамамен 4 400 доллар) болды.
"28 жылда жиналған осындай сома зейнеттегі бірнеше жылға, тіпті ондаған жылға жетеді дей аламыз ба? Бұл – риторикалық сұрақ", – дейді сарапшы.
Инвестициялық сәтсіздік: ақшаны кім басқарады?
Жинақтардың өспеуінің негізгі проблемасы – басқарудың тиімсіздігі. 2013 жылы қорлар біріктірілгеннен кейін негізгі басқарушы Қазақстанның Ұлттық банкі болды. Сарапшы 2025 жылдың қорытындыларын "көңіл көншітпейді" деп бағалайды. Себебі инфляциямен салыстырғанда басқарушылардың басым бөлігі "минусқа” кеткен.
2025 жылғы нақты табыстылық (12,3% инфляцияны ескере отырып):
- Сентрас Секьюритис: +2,4% (жалғыз оң нәтиже);
- Alatau City Invest: –1,1%;
- BCC Invest: –2,4%;
- Halyk Global Markets: –2,8%;
- Halyk Finance: – 4,0%;
- БЖЗҚ (Ұлттық банк): –4,9%.
"Біздің жинақтарымызды басқарып отырған Ұлттық банк барлық басқарушы арасында ең нашар нәтиже көрсетті", – деп түйіндеді Алибаев.
25 триллион қайда салынған?
Ұлттық банктің портфель құрылымына қарасақ, салымшылар үшін тиімділігіне қатысты сұрақтар туындайды дейді сарапшы Айдар Алибаев.
- Қаржы министрлігінің МБҚ – 43,5%;
- Сыртқы басқарудағы активтер – 20,92%;
- Дамыған елдердің активтері – 16,43%;
- Қазақстанның квазимемлекеттік секторы – 9,45%.
Қаражаттың жартысынан көбі іс жүзінде мемлекеттің ішкі қарызы болып саналады немесе квазимемлекеттік секторда жұмыс істеп жатыр.
Неге ақшаны шетелге салу қауіпсіздеу?
Неге қаражат Қазақстан экономикасында жоғары қайтарыммен жұмыс істемейді? Алибаев мұның себебін ішкі нарықтың әлсіздігі мен сыбайлас жемқорлық қаупінің жоғарылығынан көреді.
"Қазақстан экономикасы жаппай инвестиция салуға арналған нысан ретінде тым әлсіз әрі дамымаған. Ал бұған жаппай сыбайлас жемқорлықты қоссаңыз, бұл қаражатты жоғалту қаупін тудырады", – деп ескертті сарапшы.
БЖЗҚ қаражаттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, сондықтан Ұлттық банк қаражатты шетелге – АҚШ, ЕО және Жапонияның бағалы қағаздарына шығаруға мәжбүр. Онда құқықтық қорғау мен өтімділік бар, бірақ табыс төмен.
"Иә, ақшаның өзге экономикаларда жұмыс істеп жатқаны өкінішті. Бірақ Қазақстанда тәуелсіз соттар мен ашық компаниялар болғанда, зейнетақы жинақтары өз экономикасының драйверіне айналар еді", – дейді автор.
Ел қатаң таңдаудың алдында тұр: қаражатты дамыған елдерде сақтау (қауіпсіз, бірақ Қазақстан үшін даму жоқ) немесе ішке инвестициялау (пайдалы, бірақ бәрін жоғалту қаупі жоғары). Реттеуші бірінші жолды таңдап отыр.
Неге біз өз ақшамызды ала алмаймыз?
Сарапшы төлем әдістемесіне де қатысты сын айтты. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап БЖЗҚ-дан төлемдер небәрі 5%-ға индекстелді (инфляция 12,3% болғанда). Қолданыстағы әдістеме зейнеткерге өз жинағының мардымсыз бөлігін – айына шамамен 0,5-0,6%-ын ғана алуға мүмкіндік береді.
"Бүгінде 10 миллион теңге жинағы бар зейнеткер БЖЗҚ-дан небәрі 65-70 мың теңге алады. Ал жинақтың негізгі сомасы қозғалыссыз қалады", – деп мысал келтірді Алибаев.
Сарапшы ережелерді қайта қарап, ай сайынғы төлемдерді жинақ сомасының 1-1,5%-ына дейін көтеруді ұсынады. Сонда қаражат зейнеткерге дәл қазір жұмыс істейтін еді.
"Әйтпесе 10% көлеміндегі міндетті жарнаны төлеудің мәні қалмайды", – дейді Айдар Алибаев.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі бірден 10% өсетіні туралы хабарлаған едік. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, базалық зейнетақыны кезең-кезеңімен арттыру жұмыстары жалғасады.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына теңестіріліп, 35 596 теңгеге жетеді. Ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 118%-ына дейін өсіп, 60 005 теңге болады.