Volkswagen Еуропада электрмобиль сатылымы бойынша Tesla-ны басып озды

Германияның Volkswagen автоконцерні 2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуропадағы электрмобильдерді ең көп сатқан компания атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
JATO консалтингтік компаниясының мәліметінше, былтыр компания 274 278 электр көлігін сатқан, бұл 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 56% артық.
Сатылымның өсуіне негізінен автоконцерннің жаңа үлгілері, соның ішінде орташа өлшемді ID.7 электрмобилі әсер етті. Бұл Volkswagen-ге бұрын еуропалық электрмобильдер нарығында жетекші орынға ие болған америкалық Tesla компаниясын басып озуға мүмкіндік берді.
Tesla-ның Еуропадағы 2025 жылғы сатылымы туралы нақты деректер жоқ, бірақ JATO мәліметтері бойынша ол 27% қысқарған.
Сарапшылар бұған себеп ретінде Илон Маск компаниясының Германиядағы беделінің нашарлауын, сондай-ақ Еуропада ескірген үлгілерді сатуға шығарғанын атайды.
Дегенмен былтыр Tesla-ның Model Y Еуропадағы ең көп сатылатын электрмобиль мәртебесін сақтап қалды. Екінші орын Volkswagen Group бренді Skoda-ның Elroq электр кроссоверіне бұйырды.
Қазақстандық зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңгеден астам ақша аударып жіберген