Үстел теннисінен ұлттық құрамаға жаңа бапкер тағайындалды

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Әсет Сағымбаев тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, Әсет Сағымбаев Германия мен Жапонияда өткен әлем чемпионаттарына, сондай-ақ Таиланд пен Үндістанда ұйымдастырылған жастар арасындағы Азия чемпионаттарына қатысып, ел намысын қорғаған.
Бұған дейін ол Ақтөбе облысының құрама командасында аға бапкер қызметін атқарған.
Әсет Сағымбаев жеке спорттық мансабында Қазақстан чемпионатының, республикалық Спартакиаданың және бірқатар халықаралық турнирлердің жүлдегері атанған.