Үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салған Еркебұлан Тоқтардың келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды
Octagon 63 турнирінде үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салған Еркебұлан Тоқтардың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram.com/octagonleague/
Қазақстандық танымал актер, әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар кезекті жекпе-жегін 2 қараша күні өткізеді. Соңғы жекпе-жегінде үндістандық Кушал Вясты (11-17) 8 секундта сұлатып, ең жылдам жеңіс ретінде рекорд қойған Еркебұлан Астанада өтетін Dala Fighting Championship турнирінде жекпе-жекке шығады. Еркебұлан Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында өтетін турнирдің басты жекпе-жектерінің бірінде жұдырықтасады. Қарсыласы әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңда 11 жекпе-жек өткізіп, соның сегізінде жеңіске жетсе, үш рет ұтылып қалған еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған

