Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандық келін енесін тонап, ақшаны құмар ойынға жұмсаған

алтын ұрлаған келінФото: Түркістан облысы

Түркістан облысында 8,5 миллион теңге сомасына алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған пәтер ұрлығы ашылды. Күдікті зардап шеккеннің келіні болып шыққан. Ол ұрланған ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел өзінің үйінен алтын бұйымдар мен ақша ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінген. 

Мәліметтерге сенсек, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу-оперативтік топ құрылып, барлық қажетті іс-шаралар жедел түрде жүргізілген.

Тергеу барысында күдікті ретінде зардап шеккеннің келіні анықталды. Белгілі болғандай, ол мамыр айынан бастап үйден алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны ұрлап келген. 

"Жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңге болған. Ұрланған алтын бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізген, ал түскен ақшаны құмар ойындарға жұмсаған. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстан-Өзбекстан шекарасында әйел 13,5 миллион теңгелік алтынды жыныс мүшесіне салып өтпек болғанын жазған едік. Ташкент облыстық департаментінің мәліметінше, әйел шекарашылардың күдігін тудырып, жеке тінтуге жіберілген.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 13:52