Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәби Ордасы ауданындағы орталық ауруханада дүниеге келген. Алып сәбидің салмағы – 6015 грамм, ал бойы – 63 см.

Дәрігерлер кеңесінің шешімі бойынша ана кесар тілігі арқылы босанған.


Алматыда 39 жастағы әйел өмірге үшем сәби әкеліп, бірден көпбалалы ана атанды

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


“Ота сәтті аяқталып, бүгінде ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде дәрігерлердің бақылауына алынған”, – делінген басқарма хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында салмағы 6,5 келі болатын сәби дүниеге келгені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 06 Ақпан, 2026 19:00