Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.
Сапар барысында президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі деп күтілуде.
- "Сел тұрмақ цунамиден қорғану шараларын қабылдаған елдер бар": Депутаттар су тасқынынан зардап шеккендердің жанайқайын жеткізді
- ”Үйдің құлағанын көзіммен көрдім”: Tik Tok желісінде баласына елдегі ахуалды айтып танымал болған аудионың авторы кім екені белгілі болды
“Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді”, – деп қосты Ақорда.
Бұған дейін 2 сәуірде Ақорда Тоқаевтың су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек Қазақстанның 12 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Бұған дейін Оралда су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау басталғаны жазылған.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған