Тоқаев ішкі істер министрі орынбасары мен президент іс басқарушысы орынбасарын лауазымдарынан босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Сүнтаевты ішкі істер вице-министрі қызметінен, ал Ерлан Оразбайды президент іс басқарушысы орынбасары қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда таратқан ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.
Сүнтаев 2020 жылдың наурыз айынан бері вице-министр қызметін атқарды.
- Назарбаевты әнұранның авторы мәртебесінен айыруға бола ма – Мәжіліс төрағасы жауап берді
- Қошанов ескі мен жаңа Қазақстанның текетіресі туралы айтты
“Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды”, – деп қосты Ақорда.
Оразбай бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсан айынан бері атқарды.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған