Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорда жариялады.
“Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!” – деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Бұған дейін Елена Рыбакинаның Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жеткенін хабарлаған едік. Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Штутгардтағы турнирді екі рет жеңген Ига Швантектен (Польша) үш сетте басым түскен.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді