Ташкент “Гранд-Слэм” турнирінде қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңілді

Дзюдодан жылдың екінші “Гранд-Слэм” турнирінің алғашқы жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жаппай жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы болып жарыс жолына шыққан 60 келіде Мағжан Шамшадин Бахрейн елінің өаілі Руслан Полторацкийдің ұстау әдісіне түсіп, жарыс жолынан шығып қалды.
60 келіде бақ сынаған тағы бір отандасымыз Талғат Орынбасар өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровтан айласын асыра алмады.
Ал 66 келіде Нұрқанат Серікбаев тағы бір өзбек балуаны Бобур Ваджиевтен ұтылды.
Осы салмақтағы екінші дзюдошымыз Ақылжан Жұбатқанов та бразилиялық Рональд Лимаға жол берді.
Енді 28 ақпан күні ел құрамасынан 73 және 81 келіде салмақта тағы төрт дзюдошымыз ел намысын қорғайды.
Бұған дейін жылдың басында Парижде өткен Үлкен дулыға турнирінде дзюдошыларамыз үш қола жүлдені қанағат тұтқан еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған