Светлана Жақыпова халықтың әлеуметтік осал топтары жөніндегі уәкілі болып тағайындалды
Светлана Жақыпова халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды”, – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.
- Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды
- Динара Закиева Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды
Жақыпова бұған дейін екі рет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған (2017 жылғы қаңтардан 2019 жылғы қыркүйекке дейін және 2013 жылғы тамыздан 2014 жылғы тамызға дейін). 2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың қаңтарына дейін Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды, одан бұрын, 2011-2013 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жобалық кеңсесінің бағдарламалар бөлімінің басшысы болған.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған