Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада ойындарында фавориттерінің қатарына енді

Мәнерлеп сырғанаушыФото:ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылы Италияның Милан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының басты фавориттерінің қатарына енді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атақты Harper’s Bazaar басылымы Миланда өтетін Олимпиадада жанкүйерлер ерекше назар аударуы тиіс мәнерлеп сырғанаудағы үздік он спортшының тізімін жариялады. Аталған рейтингке 21 жастағы алматылық спортшы Михаил Шайдоров та кірді.

Беделді басылымның алғашқы ондығында Алиса Лю, Амбер Гленн, Изабо Левито (АҚШ), Аделия Петросян (бейтарап мәртебе), Ча Джунхван (Оңтүстік Корея), Каори Сакамото (Жапония), Илья Малинин (АҚШ) бар.

Сондай-ақ мұздағы би бойынша Эван Бейтс пен Мэдисон Чок (АҚШ), Лайла Фир мен Льюис Гибсон (Ұлыбритания) жұптары аталды.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров – әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған. Сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде иеленіп, араға 10 жыл салып марқұм Денис Теннің тарихи жетістігін қайталады.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 06 Ақпан, 2026 11:24