Италиялық спортшы туған күнінде Олимпиада чемпионы атанып, рекорд жаңартты

Италияда өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы рекорд тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Италиялық әлем чемпионы Франческо Лоллобриджида әйелдер арасында 3000 метрге конькимен жүгіруден қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, алтын медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар 3000 метрді 3:54.28 уақытта еңсеріп, Олимпиада рекордын жаңартты.
Бұған дейін бұл рекорд голландиялық спортшы Ирен Шоутенге тиесілі болған. Ол бұл рекордты 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында 3:56.93 уақытпен орнатқан еді.
Сондай-ақ, италиялық спортшы өз туған күнінде есімін Олимпиада тарихына алтын әріптермен жазып қалдырды. Бұл Италияның осы Олимпиададағы алғашқы алтын медалі болды.
35 жастағы конькиші бұған дейін 2022 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алған. Сол жетістіктері арқылы ол конькимен жүгіруден Италия тарихындағы алғашқы Олимпиада жүлдесін алған спортшы атанған.
Осыдан кейін ол мансабында ұзақ уақыт үзіліс алып, өмірге ұлын әкелді.
Қазақстандық қос дзюдошы “Гранд-Слэм” турнирінде қола жүлде жеңіп алды