Спорт, кино және сериалдар: 2025 жылы қазақстандықтар қандай контент тамашалады?

2025 жылы біз түрлі фильмдер мен сериалдарды көрдік, олардың ішінде атышулы премьералардан бастап, көпшілік бұрыннан сүйіп көретін туындылар бар. BeeTV жыл қорытындысын шығарып, көрермендерге ең жиі көрсетілген контентті атады: футбол ма, бокс па, мультфильмдер ме әлде комедиялық сериалдар ма?
Рекордтар жылы
2025 жыл BeeTV үшін рекордтар кезеңі болды. Бір жылдың ішінде сервисті пайдаланушылар жалпы алғанда 13,6 миллиард минуттан астам контент тамашалаған. Бұл көрсеткішті үздіксіз көрген уақытқа айналдырсақ, ондаған мың жылға жетер еді.
Жекелеген көрермендер де өз рекордын орнатты. Пайдаланушылардың бірі бір жылда шамамен 500 мың минут бейне көрген. Бұл – экран алдында тұтас бір жыл отырғанмен тең. Ал тағы бір көрермен бір жылдың ішінде 740-тан астам фильм көріп, контент саны бойынша рекордсмен атанды.
Сонымен қатар контент тұтыну тәсілі де өзгерді: жыл бойы пайдаланушылар BeeTV-дің мобильді нұсқасын жиі таңдайтын болды. Осылайша контентті үйде, жолда және күнделікті тірліктің арасында да көре береді.
Үйдегі трибуна
2025 жылы қазақстандықтар спорттың тұрақты көрермені болды. Әсіресе, матчтан кейінгі қысқа бағдарламалар сұранысқа ие. Мысалы, УЕФА Чемпиондар лигасына арналған шолуларды 130 мыңнан астам көрермен тұрақты тамашалаған. Әрине, әлемдегі ең беделді футбол турнирінің тікелей матч трансляциялары да үздіктер қатарына енді.
Қыркүйек айының соңында Алматыда Чемпиондар лигасы аясында испаниялық “Реал Мадрид” клубы қонақта болды. “Корольдік клуб” пен “Қайрат” арасындағы матчты BeeTV платформасында тікелей эфирде 200 мыңнан астам адам көрді.
Бокс – футболдың басты бәсекелесі әрі отандық спорттың мақтанышы. Ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу кезеңін 50 мыңнан астам көрермен тамашалады. Кейін қазақстандық спортшылар көптеген алтын медаль иеленіп, жанкүйерлерін қуантты.
Алайда қазақстандықтарды қызықтыратын спорт түрлері футболмен және бокспен шектелмейді. Қаралым бойынша үздіктер қатарына енген Sport Review бағдарламасы арқылы 80 мыңнан астам адам қазақстандық және әлемдік спорттағы өзекті жаңалықтардан хабардар болып отырды.
Қазақстандық кино үздіктер қатарында
2025 жылы ең көп көрермен жинаған үздік 5 фильмнің қатарына қазақстандық екі туынды кірді. Олардың арасында сөзсіз көшбасшы – ағайындылар арасындағы отбасылық жанжалды көрсеткен “Тамыр” фильмі. Әкесінің алдында “сүйікті баласы” болғысы келген бауырлардың тағдырын суреттейтін бұл картинаны көрермендер 1,7 миллион минуттан астам уақыт көрген. Бұл – таза көру уақытымен есептегенде үш жылдан астам уақытқа тең.
Үздіктер тұғырынан орын алған тағы бір отандық фильм – басты рөлде танымал блогер Жека Фатбелли ойнаған “Малай” фильмі. Бай әкенің бұзақы ұлын тәрбиелеу үшін оған ескі қазақ ауылының өмірін қолдан жасап бергені туралы тарихи комедия 872 мың минуттан астам қаралым жинады.
Отандық картиналармен қатар бұл рейтингте режиссер Ридли Скотт түсірген, түпнұсқасы шыққан соң ширек ғасырға жуық уақыттан кейін жарық көрген “Гладиатор” фильмінің жалғасы да бар. Сонымен қатар КиноШортс форматы да жоғары сұранысқа ие. Бұл тік форматтағы фильмдер мен сериалдарды көрерменнің әлі де іздеп көреді деген сөз.
Комедиялық сериалдар
Жыл бойы ең көп қаралған сериалдардың толық тізімінде тек қазақстандық жобалар бар. Мәселен, қаралым бойынша “Нархоз. Студент көке” сериалы үшінші орынға тұрақтады. Бұл туындыда алпыс жаста кәсібі бар фермер Талғаттың білім алып, бизнесін кеңейту үшін университетке оқуға түсуі баяндалады.
Қаралым саны бойынша көшбасшы – “Жаңа Жанель” мелодрамалық сериалы. Онда танымал музыкалық топтың бұрынғы мүшесі, жеке өміріндегі сәтсіздіктен кейін мансабын қайта құруға тырысқан кейіпкердің тағдыры баяндалады. Басты рөлді танымал әнші, “КешYou” тобының экс-мүшесі Жанар Дұғалова сомдайды. Жанардың Жанель рөліндегі ойынын 100 мыңнан астам көрермен тамашалаған.
Рейтингтегі екінші орында – “Super Пэрис” сериалы. Жоба қарашаның екінші жартысында ғана жарық көрсе де, қысқа уақыт ішінде ондаған мың көрерменнің ықыласына бөленді. Сериал шетелдік университеттен елге оралған Перизат есімді бойжеткен туралы. Ол ауқатты ата-анасының шешімімен тұрмысқа шығудан бас тартып, өз бетімен өмір сүріп, мансап құруға ұмтылады.

Балалар не тамашалады?
2025 жылы ең танымал он мультфильм тек балаларға арналған анимациялық сериалдар болды. Екінші орынды “Барбоскиндер” иеленді – оны 20 мыңнан астам көрермен тамашалаған. Мультсериал 2025 жылы экранға жаңа маусыммен шыққандықтан танымал болса керек.
Үшінші және бесінші орындарда ең кішкентай көрермендерге арналған “Ми-ми-мишки” мен “Үш марғау” мультфильмдері тұр. Оларды 15 мың және 13 мың бала көрген. Аталған екі мультфильмнің ортасында арасында әлем бойынша аса танымал “Маша мен Аю” мультфильмі бар. Қазақстандық кішкентай көрермендер мультфильмді төртінші орынға шығарды.
Ал рейтингтің бірінші сатысында “Смурфиктер” мультфильмі тұр. Бұл туынды отбасымен көретін контент ретінде ұсынылып келеді. Балалар көбіне мультфильмдерді жалғыз отырып көретінін ескерсек, бұл туындының отбасымен бірге тамашалануы қазақстандықтардың классикалық мультфильмдерді отбасымен бірге тамашалауға құштар екенін байқауға болады.
Қант диабетімен ауыратын 19 жастағы қазақстандық комиссия шешімімен "емделіп" кеткен: Оны мүгедектігінен айырып тастады