Софья Самоделкина Олимпиада ойындарында 10-орын алғаны үшін Астанадан пәтер сыйға алды

Софья Самоделкина Италияның Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы жекелей сында Қазақстан намысын қорғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда Софья жүлдеге іліне алмады. Соған қарамастан Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы оған Астанадан бір бөлмелі пәтер сыйға тартты.
Айта кетейік, Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында Самоделкина еркін бағдарламада 138.99 ұпай жинады. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша жеке рекордын жаңартып, оныншы орынға тұрақтады. Сондай-ақ ол үздік ондыққа кіргенінің арқасында ISU әлемдік рейтингінде 21-орыннан 17-орынға көтерілді
Алтын медальді америкалық Алиса Лью (226.79 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде жапониялық Каори Сакамотоге (224.90) бұйырды. Ал қола медальді тағы бір жапониялық спортшы Ами Накаи (219.16) иеленді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған