Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған

"Қазақтелеком" компаниясының еншілес ұйымына кіретін "Kcell", мобильді операторының жаңа жылдық корпоративтік шараға 159,9 миллион теңге қаражат бөлгені туралы ақпарат тарады. Шарада 1100 адамға кешкі ас, 100 мың теңгелік 50 сертификат пен сыйлықтар берілгені жазылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Деректерге сәйкес, "Самұрық Қазына" қоры құрамына кіретін белгілі ЖШС "Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы" 2025 жылдың қорытындысына арналған командалық іс-шара конференция өткізу қызметі үшін келісімшартқа отырған.
Лотқа тіркелген техникалық сипаттамаға сәйкес, іс-шара 25 желтоқсанда Алматыдағы Royal Tulip қонақүйінің Grand Ballroom банкет залында 18:00-ден 00:00-ге дейін өтетіні көрсетілген. Әдетте мұндай іс-шараларға арналған келісімшарттан көп ақпарат жарияланбаса да, бұл жолы мобильді оператор нақты талаптарын көрсеткен. " Kcell" іс-шараның жүргізушілері ретінде ТНТ арнасындағы Comedy Battle қатысушысы Сергей Шмаков пен Айкен Мунашеваны шақыртқан. Шоу бағдарламасына ашылу би, Мархаба Сәби орындауындағы ән, Bacardi лайвбэндінің концерті, диджейлердің қойылымы, марапаттау рәсімі және әртүрлі бейнероликтердің көрсетілімі кіреді.
“Іс-шара "Оскар" рәсімі стилінде өтіп, пресс-қабырға, фотобудка, қызыл кілем жолы, софиттер, welcome-ішімдіктер және тағы басқа көңілді элементтер, сондай-ақ шара тақырыбына сай 50 статуэтка ұсынылатыны көрсетілген. Қатысушыларға 100 мың теңгелік 50 сертификат және сыйлықтар беріледі.
Сонымен қатар, 1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер. Іс-шарада төрт фотограф пен төрт видеограф мерекені толық түсіреді”, – делінген ақпаратта.
-
"Ешкім байқамайды": Щучинсктегі жаңажылдық безендіру қызу талқыға түсті
-
"Балтамен шапқандай": Степногорскідегі қорқынышты Аяз ата мен Ақшақар дау туғызды (видео)
АО " Kcell" биыл "Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы" қызметімен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шараға 33,5 миллион теңгеге келісімге келген.
Stan.kz тілшісі бұл ақпаратқа қатысты Kcell компаниясының өзінен пікір сұрады. Дегенмен компания редакциямыздың сауалдарына жауап бермеді.
Ақпараттан соң, редакциямыз еліміздегі өзге де ірі компаниялардың жаңа жыл тойлауға қанша қаражат бөліп жатқанын сұрап көрген еді.
Дегенмен "ҚазМұнайГаз", "KEGOC", "ҚазАвтоЖол", "Қазақтелеком", "Қазпошта" компаниялары жаңа жылдық корпоративтік шаралар өткізбейтіндерін, сәйкесінше ол үшін қаражат бөлінбейтінін алға тартты.
Желіде BI Group компаниясының да үлкен көлемде тойлаған жаңа жылдық шарасының видеолары көпшілікті тәнті етуде.