Шымкенттегі әскери полигонда офицер шеруден кейін қайтыс болды - БАҚ
Шымкентте офицер әскери полигонда шеруден кейін қайтыс болды. Оқиға Ақтас полигоны базасындағы №6506 әскери бөлімінде болған. Бұл жөнінде әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенген Орда.kz сайты жазады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Офицердің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған.
Болжам бойынша 20 шақырым жаяу жүріп өткен екі офицер өздерін нашар сезіне бастаған. Оларды дереу ауруханаға жеткізеді.
“Әскери қызметкердің біреуі есін жимастан қайтыс болды”, – делінген ақпаратта.
- "Денсаулығында ақауы барларды әскерге баруға мәжбүрлемейміз": Министрлік көшеден ұстап, әскерге алып кету жағдайларына түсінік берді
- Астанадағы балалар дүкенінен полицейлер келген соң Z белгісі бар ойыншықтар алынып тасталған
Әскерилердің денсаулығының нашарлауының себебі қатты ыстық болуы мүмкін екені айтылады.
Әскери бөлім бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған