Шымкентте патрульдік полиция командирі тұрғындарды бопсалағаны үшін ұсталды
Шымкентте патрульдік полиция командирі бопсалағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі өз қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Тұрғындар бопсалау фактілері туралы арыз түсірген.
“Шымкент қалалық патрульдік полиция ротасының командиріне қатысты бопсалау және делдалдар арқылы пара алу фактісі бойынша қала тұрғындарының арызы негізінде Шымкент қалалық ІІБ Ішкі қауіпсіздік бөлімі қылмыстық іс қозғады. Жиналған материалдардың қорытындысы бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген полиция таратқан ақпаратта.
- Алматы облысында екі полицей адамды азаптады деген күдікпен ұсталды
- Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақтап, артынша кепілге алған (видео)
Полиция департамент басшылығы заңды теріс пайдалану мен антты бұзудың кез келген көріністеріне жауап беретінін атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда іздеуде жүрген қылмыскер Бішкек қаласында ұсталғаны белгілі болған.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған