Шымкентте мұғалім 7 жасар оқушы қыздың денесіне қол жүгіртіп, күш қолданған (видео)

Шымкентте мектеп мұғалімі 1-сынып оқушысына азғындық жасады деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 25 ақпан күні жекеменшік мектептердің бірінде сабақ кезінде болған. Оқушының анасының айтуынша, қызы үйіне күйзеліске ұшыраған күйде келіп, денесіндегі ауырсынуларға шағымданған. Кейінірек қыз 36 жастағы мұғалім оны күшпен құшағында ұстап, жіберуін сұраған өтініштерді елемей, жағымсыз әрекеттер жасағанын айтқан.
“Анашым, менің төменгі жағым ауырып тұр. Мұғалім партаға келіп, басымды өзінің төменгі бөлігіне басты. Аузыма қатты нәрсе тиді” деді қызым. Ол қызымды алдына отырғызып, денесіне қол жүгірткен. Киімінің сыртынан жыныс мүшесін тақаған. Қызым келгенде мұғалімі рұқсат бермей қойған. Тіпті қызым “Жіберіңізші, ауырып тұр” десе де, қолынан мықтап ұстап, жібермей қойған", – дейді қыздың анасы.
Қыздың ата-анасы жағдайды анықтамақ болып, мектеп әкімшілігіне жүгінген кезде кедергіге тап болған. Директор бейнебақылау камераларының жазбаларын көрсетуге қарсылық білдіріп, бұл ата-ана мен әкімшілік арасындағы төбелеске әкеп соқты. Әйелдің айтуынша, сол төбелесте қыздың әкесі зардап шеккен.
БҚО-да жасөспірім қызды зорлау: Шенеуніктің ісі жабылып, кейін қайта ашылды
Мектеп басшылығы бейнежазбаларды полиция шақырылғаннан кейін ғана берген. Кадрлардан мұғалімнің оқушы қызды қарсылық көрсеткеніне қарамастан күштеп алдына отырғызғаны анықталды. Ал мұғалім ата-анамен кездескенде нақты түсініктеме бере алмай, тек жылай берген.
“Компьютердің бір нәрсесі тимей қалуы мүмкін. Жасап жатқан жұмысы болмай қалғандықтан ол қыз кішкене өкпелеп, ренжіп қалды. Оны ағай барып жұбатты. Жұбатып, құшақтап, арқасынан барып қағып. Біздің видеода көргеніміз ол қыз ашуы басылмағандықтан алдына барып отырғызып, өзінің компьютерінен көрсеткен. Ол жерде арам ой болған жоқ. Ұзақ та отырған жоқ. Санына отырды. Ол жерде жеткен ақпарат қандай болғанын білмеймін. Ер азамат болған соң оның қалтасында кілт те болады. Телефон да болады", – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Белгілі болғандай 36 жастағы ер адам бастауыш мектебіне 4 жыл бұрын орналасқан екен. Екі баланың әкесі қазір уақытша жұмыстан шеттетілген. Ал қорлық көрді деген қыз бала аталмыш білім ұясына жуырда ғана ауысып келіпті. Қазір жұрттың жағасын ұстатқан жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Шымкент қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін ресми түрде растады. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажет сараптама мен тергеу әрекеттері жүргізілуде.
"Қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде, мүмкін куәлар мен басқа тұлғалардан сұрау алынып, барлық дәйектер тексерілуде, алынған материалдар мен дәлелдер талданып, салыстырылады", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада ер адам лифтте кәмелетке толмаған қызға тиіскені туралы жазған едік.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады