Шығыс Қазақстанда шенеуніктер 100 жасқа толған ардагерге көлік сыйлады

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі 100 жасқа толған ардагерге туған күніне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлы Отан соғысының ардагері Павел Стрехо ғасырлық мерейтойын атап өтті.
Павел Еремеевич 1943 жылы, 17 жасында, майданға шақырылған. Оның:
- III дәрежелі Даңқ орденімен;
- I дәрежелі Отан соғысы орденімен;
- "Батырлығы үшін";
- "Германияны жеңгені үшін";
- "Кёнигсбергті алғаны үшін";
- "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен;
- Жуков медалімен марапатталған.
-
Қазақстанда ардагерлер мен мүгедектер тізіміне үлкен тексеріс басталды: Кімдер жәрдемақыдан қағылады
-
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
23 ақпанда майдангердің үйінде туыстары, жақындары және әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нурымбет Сақтағанов ардагерге жаңа автокөліктің кілтін табыс етті.
Елімізде көлікті басқаруға жоғарғы жас шектеуі жоқ – 80-де де, 90-де де жүргізуге болады. Дегенмен, егде жастағы жүргізушілер кейбір шектеулерге тап болуы мүмкін. Әсіресебұл денсаулық жағдайына байланысты болады. Себебі жүргізуші куәлігін жаңарту немесе қайта тапсыру кезінде медициналық қорытынды өте маңызды.
Егер жүргізушіде мынадай аурулар болса, оған куәлік берілмейді немесе кезекті медициналық тексеріс кезінде рұқсат берілмеуі мүмкін:
Психикалық аурулар:
- Ауыр белгілері бар созылмалы психикалық аурулар (шизофрения, елес сезімдерімен байланысты бұзылыстар).
- Ауыр депрессия, биполярлық бұзылыс.
- Мінез-құлық бұзылыстары (мысалы, антиәлеуметтік мінез).
- Ақыл-есі дамымағандық.
- Нашақорлық және алкоголизм (егер ремиссия 2 жылдан аз болса).
- Неврологиялық аурулар:
- Эпилепсия.
- Көру қабілетінің бұзылуы:
- Ахроматопсия (түс айырмашылығын ажырата алмау).
- Екі көздің соқырлығы.