6,5 миллион теңге: Сербия президентіне табысталған “Алтын Қыран” орденінің бағасы белгілі болды

Бүгін Сербия президенті Вучичке Қазақстанның ең жоғары наградаларының бірі – “Алтын Қыран” ордені табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, биыл Президент Іс басқармасы осындай бар-жоғы алты айрықша белгіні тапсырыс берген. Соның ішінде “Алтын Қыран” ордені дайындау құны жағынан ең қымбат марапат болып отыр. Бір данасының құны 6,5 миллион теңге тұрады.
Бұл орден әдетте мемлекеттер арасындағы достықты нығайту белгісі саналады және жоғары құрметтің нышаны ретінде шет мемлекеттердің басшыларына табысталады.

Айта кетейік, бұған дейін Сербия президенті Вучич Тоқаевқа екі ел арасында шешілмей тұрған бір мәселе барын айтқаны хабарланған еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған