Сел, су тасқынына дайындық: Қазақстанда дабыл сиреналары қосылды

Фото: freepik.com
Қазақстанда "Көктем-2026" республикалық сел, су тасқынына дайындық жаттығулары басталды. Соған байланысты 25 ақпанда аймақтарда дабыл жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігіжаттығудың басталғанын хабарлады.
Жаттығу барысында барлық аймақтардағы дабыл және электросирена дабыл құрылғыларының жұмысқа дайындығы тексерілді. Министрлік осыған орай халықты сабырлы болуға және дүрбелеңге салынбауға шақырды.