Ресейлік блогердің басын жарған қазақстандық модель Балиде қамауға алынды

Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадеевамға қол көтергені үшін жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот талқылауының аяқталғанын Карина Фадееваның өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, сот Алтайбековаға ақшалай өтемақы төлеуді, сондай-ақ төрт аптаға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындаған.
“Мен кешіремін, бірақ егер адам сабақ алмаса, түсінесіз ғой, өмір бәрібір ерте ме, кеш пе бәрін өз орнына қояды”, – деп жазды блогер әлеуметтік желіде.
https://stan.kz/2026-zhilga-arnalgan-oraza-kestesi-zhariyalandi-429797/
Оқиғаның мән-жайы
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық модель жігітін қызғанып, ресейлік блогердің басын жарғаны хабарланған еді.
Карина Фадеева Балидегі барлардың бірінде өзіне шабуыл жасалғанын айтқан. Оның нұсқасы бойынша, Алтайбекова мекемеде жігітімен бірге болып, жанжал кезінде оған шыны бөтелке лақтырған.
Кейін қазақстандық модель кешірім сұраған, алайда Фадееваның сөзінше, келтірілген шығынды өтеуден бас тартқан. Осыдан кейін БАҚ-та Алтайбекованың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оның ұсталғанын растаған.
Сонымен қатар оқиға болған мекеме өкілдері алғашқы болып Карина Фадееваның құрбысы шыны стақан лақтырғанын алға тартты. Олардың сөзінше, бар қызметкерлері жанжалға жедел араласып, зардап шеккен адамды медициналық мекемеге жеткізген, ал бейнебақылау камераларындағы жазбалар полицияға тапсырылған.
Ашық деректерге сәйкес, Гүлсезім Алтайбекова “Мисс ТМД – 2022” байқауында Қазақстанның намысын қорғаған.