Ресейден Қазақстанға төрт айлық арыстан мен жолбарыстың күшіктерін заңсыз әкелмек болған
Ресейден Қазақстанға төрт айлық арыстан мен жолбарыстың күшіктерін заңсыз жолмен әкелінбек болған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі ресейлік басылымға сілтеме жасап хабарлайды.

“Осындай кішкентай үш айлық арыстанның күшіктерін Астрахань арқылы Қазақстанға апармақ болған. Алайда ойлары жүзеге аспай қалды, күшіктерді СИТЕС конвенциясы (Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) сондай-ақ кеденшілер мен шекарашылар қорғап қалды. Төрт кішкентай жыртқышты "Қараөзек" өткізу бекетінде жолаушылар көлігінің артқы орындығынан тапқан. 60 жастағы ер адам оларды алып шықпақ болған. Қолында еш құжаты болмаған. Жануарлардың жойылу алдында тұрғаны белгілі болды”, – дейді шетелдік басылым таратқан ақпаратта.
- Астанада Ресейдің Украинаға басқыншылығына ашық түрде қарсы шыққан белсенді Андрей Павлов ұсталды
- "Ақша Ресейге кетпес еді": АҚШ сарапшысы Қазақстанға өз "Яндексі" керегін айтты
Ер адамның айтуынша, ол жануарларды Шешенстаннан сатып алып, Қазақстандағы жеке хайуанаттар бағына сатпақ болған. Басылым азаматтың қамауға алынғанын жазады.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған