Пикфорд орнатқан рекорд: Англия құрамасы тарихындағы ең сенімді қақпашы

Англия құрамасының қақпашысы Джордан Пикфорд ел футболы тарихында жаңа рекордтың авторы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
31 жастағы "Эвертон" қақпашысы ұлттық құрама сапында қатарынан сегіз ойында қақпасын голдан аман сақтап, әр кездесуде толық 90 минут ойнады. Бұған дейін мұндай көрсеткішке бірде-бір ағылшын қақпашысы жете алмаған.
Соңғы рет Пикфорд 2024 жылдың 10 қазанында Ұлттар лигасы аясында Грекиямен өткен матчта (1:2) доп жіберген еді.
Томас Тухель баптайтын Англия соңғы жолдастық кездесуде Уэльсті 3:0 есебімен жеңіп, тамаша формасын жалғастырып келеді.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді

