Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түрмеде тесік ыдыспен тамақ беретін": Педофилия үшін сотталған қазақстандық TikTok-та стрим жүргізіп жүр

Педофилия үшін сотталған ер адам TikTok-та стрим жүргізіп жүрФото: Stan.kz

Ақтөбедегі әлеуметтік орталықта жасөспірімге азғындық көрсеткені үшін сотталған ер адам тұрады. Соттылығы бар тұрғын әлеуметтік желіде белсенді. TikTok-та тікелей эфир жүргізіп, психологиялық әңгімелер айтып, 19 мың лайк жинаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сейдахмед Ақтөбедегі ауыр тұрмыстық жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтендіруге арналған орталықта тұрады. 43 жастағы тұрғын өзін блогер ретінде таныстырды. Әлеуметтік желілерде кеңінен танымал екенін айтты. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, Атакент ауылында дүниеге келген. Айтуынша, 1996 жылы 14 жасында әкесі өмірден өтіп, көшенің өмір сүре бастаған. Анасы тұрмысқа шығып кеткен. Алғашында тамақ ұрлаудан бастап, есірткі пайдалануды да үйренеді. Базар оның күн көріс орнына айналған.

Әңгімелесу кезінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмысы үшін сотталғанын мойындады.

16 жастағы қызға азғындық жасаған

Сейдахмед 2014 жылы 32 жасында абақтығы қамалған. Жасөспірімге қатысты қылмыс жасағаны үшін Қызылорда түрмесінде отырған. Өзінің айтуынша, ол 16 жасқа толмаған қызды азғындық жолға түсіру бабы бойынша айыпталған. Бірақ әңгімелесу кезінде “ол қылмысты жасамадым” деп ақталды. Түрмеде 8 жыл отырып, 2022 жылы бостандыққа шыққаннан кейін Қызылордадағы әлеуметтік орталыққа орналасқан.

“Түрмеде өкіндім, шаршап кеттім. Суицид жасамақ болып, ішіндегі тәртіпке бағынбадым. Кейін Арқалықтағы қауіпсіздігі жоғары түрмеге ауыстырды. Күн көрмей, сыртқа шықпай 3 жыл қапаста отырдым. Өзінің 7 жастағы туған қызын зорлаған адам да отырды. Оқиға ішіп жүргенде болған. Мен ол қылмысты жасаған жоқпын. Мені тұзаққа түсірді. 16 жастағы қыз заң бойынша кәмелетке толмаған болып есептеледі. Мен қазір жазамды толық өтедім. Бостандыққа шықтым. Заң бұзып жүрген жоқпын. Педофилия жақсы емес. Аты да жаман. Қоғам қабылдамауы мүмкін”, – деді Сейдахмед өзі туралы.

Педофилия үшін сотталған ер адам TikTok-та стрим жүргізіп жүрФото: Stan.kz

TikTok-тың жұлдызы

TikTok-та Сейдахмед психологиялық стримдер жүргізіп, өмір туралы әңгімелеп, түрлі тақырыптарды қозғайды. Оның парақшасына 19 мыңнан аса лайк басылған. Ал жазылушылары 2691 адамға жеткен. Әлеуметтік желіде видеолар жариялап, түрлі музыкалармен контент жасайды.

Тікелей эфирлерде көбінесе өмірлік тақырыптарды қозғайтынын айтты.

“Стримге шығамын. Адамдар қарайды. Кейде адамдар толып отырады. Бұрын сотталған адамдар да қарайды”, –  деді ол.

“Түрмеде балаға зорлық көрсеткендерге тесік ыдыспен тамақ береді”

Сейдахмед түрмеде ауыр жағдайды бастан өткергенін айтты. Ол баланы зорлау немесе бала өлімі сияқты ауыр қылмыс жасағандарға түрмеде отырғандардың өзі қатал көзқараспен қарайтынын баяндады.

“Осы орталықта сотталып шыққан бір жігітпен таныстым. Жас кезінде ауыр қылмыс жасаған. Оның жағдайы өте қиын. Түрменің “гаремінде” болған адам. Кезінде өзі сондай қылмыс жасаған секілді. Өмірге өкпелі жігіт. Түрмеде ең төмен дәрежеде болған адам. Ол жақта оныдайлармен ешкім бірге отырып тамақ жемейді. Ондай адамның орны - бұрыш. Тесік деп атайды. Оның тарелкасын, қасығын бәрін тесіп тастайды. Солай шеттетеді. Ал мен таза болдым, таза жүрдім. Түрмеге алғаш түскенде бұрышта отырдым. Менімен ешкім сөйлеспеді. Мазақ қылды. Итке тамақ бергендей қылып ыдысты алдыма лақтыратын. Бала өлімі, бала зорлау, баланы улау баптарымен сотталғанларды түрмеде отырғандардың өзі кемсітіп қарайды”, – деді жазасын өтеп шыққан ер адам.

Ер адам Ақтөбедегі әлеуметтік орталыққа екі апта бұрын келген. Осыған дейін Қызылорда, Шымкенттегі әлеуметтік орталықтарды паналаған. Ол желі арқылы шағым айтып, орталыққа орналасқанын айтты.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 12:34