Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінен 8 жас кіші жігітке күйеуге шыққан Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді

Жанель Мақажан үшінші сәбиін дүниеге әкелдіФото: https://www.instagram.com/janellemakajan/

Танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты жұлдызды жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

“Жарық дүниеге нұр болып келуіңмен, Асылхан Латиффа Абайқызы. Өмірің бақытқа, жүрегің мейірімге толы болсын, балапаным”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, ізгі тілектерін жазып жатыр.

“Бауы берік болсын”, “Керемет есім”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Ғұмырлы болсын! Басында беселі бағы болсын” – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін Абай Асылхан өзінен 8 жас үлкен екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтып бергені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 29 Желтоқсан, 2025 12:22