Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов әлем кубогінде қола жүлдеге ие болды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов әлем кубогінде қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спорттық гимнастикадан Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңінде отандасымыз 14,933 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Ал айтулы бәсекеде италиялық Габриэле Таргетта 15,000 ұпаймен көш бастады. Күміс жүлде 14,966 ұпай еншілеген армениялық Мамикон Хачатрянға бұйырды.
Бұл сында жүлдеге таласқан тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдырысов финалда 14,833 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды.
Айта кетейік, Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері. Нариманның бұл жүлдесі Қазақстан үшін тарихи жүлде. Ол ел тарихында спорттық гимнастикадан Олимпиаданың жүлдесін алған алғашқы спортшы атанған.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған