Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді

Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды.
Салтанатты іс шара барысында Михаил Шайдоров пен жеке бапкері Алексей Урмановқа үш бөлмелі пәтер сыйға берілді. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанау бойынша қыздар арасынан ел намысын қорғаған Софья Самоделкина 1 бөлмелі пәтердің сертификатымен марапаттады.
Айта кетейік, Софья Самоделкина Олимпиадада үздік он спортшының қатарына енген еді. Бұған қоса ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер табысталды.
Аталмыш сыйлықты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы берді.
Осыдан кейін Михаил Шайдоров ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
"Мені қолдаған баршаға рақмет! Осындай керемет сыйлықтар үшін шексіз ризамын. Бұл қолдау үшін шын жүректен алғыс. Мен үшін бұл өсуді жалғастыруға және еліміздің даңқын арттыруға үлкен мотивация. Барлығыңызға рақмет!" – деді Шайдоров.
Еске салсақ, Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада 5-орынға тұрақтаған. Дегенмен ол еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанды.
Бұл – қысқы Олимпиада ойындарынан ел қоржынына 32 жылдан кейін түскен тарихи алтын жүлде.
Бұған дейін 1994 жылғы Олимпиада ойындарында Владимир Смирнов алтын жүлде еншілеген.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады