Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлем біріншілігіне қатыспайды

24-29 наурыз күндері Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда бұл біріншілікке Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қатыспайды.
Халықаралық конькишілер одағының ресми мәліметіне сәйкес, оның есімі қатысушылар тізіміне енбей қалған. Оның орнына Қазақстан атынан Диас Жиренбаев сынға түседі.
Айта кетейік, 21 жастағы Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасы ойындарында топ жарды.
Ол мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада 5-орынға тұрақтаған. Дегенмен еркін бағдарламада жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинады. Бұл – оның жеке рекорды.
Осылайша, 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсті. Ол жарыс барысында басты қарсыластары АҚШ өкілі Илья Малинин мен жапониялық Юма Кагияманы артта қалдырды.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған