Нұрлан Сабыров Ресей азаматтығын алудан бас тартқан болып шықты

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров Дубайға депортациялаудан бас тартып, Қазақстанның Алматы қаласына билет алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, комик Дубайға депортациялаудан бас тартқан, бұған “міндетті түрде қолына кісен салынып ұшу” шарты себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ ол алдымен паспорттық бақылауда ықтимал депортация туралы нақтылап алғаннан кейін, Алматыға билет сатып алған көрінеді.
РИА Новости бысылымының деректері бойынша, Нұрлан Сабыровтың санкциялардан қауіптеніп, Ресей азаматтығын алудан бас тартқан. Мұны құқық қорғау органдарындағы дереккөздер хабарлаған көрінеді.
“Нұрлан Сабыров коммерциялық тәуекелдерді алға тартып, санкциялардан қауіптенгендіктен Ресей азаматтығын алудан бас тартты”, – деді агенттікпен сөйлескен дереккөз.
SHOT Telegram-арнасынасының ақпаратына сәйкес, әзілкештің 160 миллион рубль (1 миллиард теңге) тұратын мүлкі Ресей аумағында қалды.
Арнаның ақпаратына сәйкес, әзілкеш 2022 жылғы ақпанда элиталық қала сыртындағы кенттен екі қабатты үй сатып алған. Сонымен қатар “Новорижский” тұрғын үй кешеніндегі аумағы 1285 шаршы метр жер телімі де бар. Стендап әртіс әрі “ЧБД” жүргізушісі дәл сол жерде жұбайымен және үш баласымен бірге тұрған. Бұл мүліктің жалпы құны шамамен 130 миллион рубльге (834 миллион теңге) бағаланады.
Бұған қоса, Сабыровтың меншігінде “SBR” деген нөмірі бар 2018 жылғы “Гелик” көлігі бар, оның құны шамамен 20 млн рубль (128 миллион теңге). Сондай-ақ шамамен 11 млн рубль тұратын 2021 жылғы Cadillac Escalade (70 миллион теңге) автокөлігі де тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тарағаны хабарланған еді.
Қант диабетімен ауыратын 19 жастағы қазақстандық комиссия шешімімен "емделіп" кеткен: Оны мүгедектігінен айырып тастады