Қазақстандағы 2019 жылдың ең танымал есімдері аталды
Қазақстанда Әлихан және Раяна есімдері ең жиі кездескен аттардың көшін бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы деректерді ҚР-дың Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті жариялады.
2019 жылы Қазақстанда танымалдылыққа ие болған қыз балаларының есімдеріне Раяна, Медина, Айзере кіріпті. Атап кетсек, Раяна деп 5151 рет , Медина деп 4924 рет және Айзере 4110 рет қыздарға есім берілген.
Бұған қоса Айлин (3908), Айша (3823), Аяла (3607), Асылым (3285), Айару (3014), Әмина (2915), Кәусәр (2309) есімдері танымалдардың қатарына кіріпті.
Ал ұл балалардың арасында Әлихан (3816), Айсұлтан (3033), Нұрислам (2304) есімдері төрт жылдан ең көп кездесетін болып тұр екен.
Олардан басқа Әмір (2227), Әлинұр (2130), Рамазан (1999), Али (1915), Ислам (1634), Алдияр (1601), Санжар (1588) есімдері де жиі қойылады екен.
Тағы оқыңыз
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған