Қазақстанда мектеп дәлізінде балта ұстап жүгірген оқушы екі сыныптасын жаралады (видео)

Әлеуметтік желіде Құлсарыдағы Пушкин атындағы №6 мектепте оқушының балта алып жүгірген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан бір оқушының балта ұстап мектеп дәлізінде басқа оқушының соңынан қуып жүгіргенін көруге болады. Қорыққан оқушы бір сыныптың ішіне кіріп, жасырынған.
Әлеуметтік желідегі жазбада балта ала жүгірген оқушының 10-сынып оқушысы екені айтылған.
Атырау облысының полиция департаменті болған жайтты растап, 15 жастағы оқушы екі сыныптасын жаралағанын мәлімдеді.
“5 ақпанда 10-сынып оқушысы сыныптастарымен жанжалдасып, оларға шабуыл жасаған. Екі оқушы жеңіл жарақат алған. 15 жастағы күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды және ішкі істер органдарының есебінде тұр”, – деп мәлімдеді полиция.
Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
“Материалдар процестік шешім қабылдау үшін білім бөліміне және кәмелетке толмағандар істері комиссиясына жіберілді”, – делінген полиция хабарламасында.
Халықтан 25 миллиард теңге жинаған "Asar Baspana" қаржылық пирамидасының ісі сотқа жолданды
Олар қаражаттың есебін әдейі жүргізбей, қылмыстың ізін жасыруды көздеген
Қазақстанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарға айыппұл төлеуде жеңілдік берілмейді
Жол ережесін он және одан да көп бұзған жүргізушілер кейінгі айыппұлда жеңілдіктер алмайды