"Қос тарап мәмілеге келуге жақын": Трамп пен Зеленский Флоридада келіссөз өткізді

Украина перзиденті Владимир Зеленский осымен Дональд Трамппен бір жылда төртінші рет кездесті. Келіссөздер Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында өтіп, екі жарым сағаттан астам уақытқа созылды. Бұл мемлекет басшыларының кездесуінің арасындағы ең ұзақ әңгіме болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Украина президенті Владимир Зеленский Киев пен Вашингтон бейбітшілік пакеті аясында бірқатар құжаттарды келісуді аяқтағанын айтты. Әңгіме АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдіктері жөнінде.
Зеленский Трамппен келіссөздер қорытындысы бойынша:
-
Алдағы апталарда реттеу параметрлерін талқылауды аяқтау үшін келіссөз жүргізуші топтардың қосымша кездесулері жоспарланды;
-
Бейбіт жоспардың жекелеген тармақтарын референдумға шығару мүмкіндігін жоққа шығармады;
-
АҚШ пен Украина арасындағы қауіпсіздік кепілдіктері толық келісілген, Еуропаның қатысуымен өтетін үшжақты форматты келісу де соңғы кезеңде талқыланып жатыр.
Трамп Зеленскиймен келіссөздер қорытындысы бойынша:
-
Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесінде елеулі ілгерілеу бар;
-
Алдағы екі аптада Зеленскиймен тағы да байланысқа шықпақ, соның бірі 29 желтоқсанға белгіленгенді;
-
Келіссөздер процесінде әзірге шешілмеген бір-екі күрделі мәселе бар;
-
Донбасс үстіндегі егемендік мәселесін әлі де талқылау қажет;
-
Украина бойынша келісімге бірнеше апта ішінде қол жеткізу мүмкін екенін айтты;
-
Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі жүк Еуропаның мойнына жүктеледі, ал АҚШ қолдау көрсетеді.
Баспасөз конференциясында Трамп қақтығыс шебі бойынша әзірге нақты келісім жоқ екенін, алайда тараптар мәмілеге жақындай түскенін айтты.
Еске салайық, күні кеше Зеленский Трамппен кездесу үшін Флоридаға барған еді.