Қызылордада даладан адамның сүйектері табылды
Әлеуметтік желідегі далалық жерде шашылып жатқан адамның сүйектері бар суреттер халықтың үрейін тудырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: polisia.kz
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған дерек бойынша 001 ("Табылған мәйіт") санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегі табылған орын ескі қорым болуы мүмкін.
Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді