Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қымбат сыйлықтар мен қонақүй: Қазақстандық жігіт қызына 10 миллион теңге жұмсаған

ақшаны қызына жұмсаған

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері журналист Артем Клеванның "Сигнал" авторлық жобасында бухгалтерлердің өздеріне сеніп тапсырылған бөгде мүлікті жымқыру деректері туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Спикерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша бір қылмыстық іс сотқа жолданған. Соңғы бір жылда Павлодар облысында осындай алты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған.

Оқиғалардың бірі мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген жас бухгалтерге қатысты.

"1995 жылы туған жігіт Павлодар қаласындағы шағын мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасып, екі айдың ішінде 10 миллион теңгені жымқырған. “Ақшаны қайда жұмсадың?” деген сұраққа ол қызбен қарым-қатынаста болғанын, оған күтім жасау үшін қаражат қажет болғанын айтқан. Нәтижесінде екі ай ішінде мемлекеттік мекемеден 10 миллион теңгені заңсыз алған", – деді Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Ғалиасқар Қасымов.

Оның айтуынша, әдетте жымқырылған қаражат мүлік сатып алуға немесе инвестициялауға жұмсалады. Ал бұл жағдайда бухгалтер ақшаны толығымен жеке қажетіне жаратқан. Банк көшірмелеріне қарағанда, жігіт қызын мейрамханалар мен кафелерге апарып, қонақүйлерде бөлме жалдаған, сондай-ақ қымбат сыйлықтар сатып алған.

Назархан Уән
Жексенбі, 21 Желтоқсан, 2025 17:30