Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті – Тоқаев ядролық сынақтар жайлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнінде Х әлеуметтік желісінде атаулы күнге қатысты үндеуін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекіткенін еске салып, бейбітшілікті нығайтуға шақырды.
"Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X желісіндегі парақшасында.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді