Қазақстан атынан өнер көрсететін Кения тумасы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Қазақстанның атынан сынға түсетін жеңіл атлет Нора Джеруто олимпиада ойындарының лицензиясын иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Нора Джеруто олимпиада нормативін орындап, Париждегі дүрмекке жолдама жеңіп алды. АҚШ-та өткен USATF Los Angeles Grand Prix турнирінде қазақстандық спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден бақ сынап, 9:22.45 уақыт көрсеткішімен қола жүлдегер атанды. Бұл сында Джеруто Канада және АҚШ спортшыларына есе жіберді. Осылайша, олимпиада нормативін орындаған Нора Джеруто іріктеуден өткен екінші қазақстандық жеңіл атлет атанды.
Айта кетейік, бұған дейін марафоншы Жанна Мамажанова олимпиада нормативін орындап, Парижде өнер көрсету құқығына ие болған еді.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған

