Келінін зорлаған қазақстандық 8 жылға сотталды

Ақтөбе облысында келінін зорлаған 53 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Алға ауданындағы Бесқопа ауылында болған.
Мас күйдегі 53 жастағы ер адам 22 жастағы келіні үйде жалғыз қалғанын пайдаланып, оған шабуыл жасап, зорлық көрсеткен. Келіншек қайын атасының үстінен полицияға арызданған.
Түркістандық келін енесін тонап, ақшаны құмар ойынға жұмсаған
Күдіктіге "зорлау" бабы бойынша айып тағылды. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындамаған.
Алайда сот ер адамның келініне шын мәнінде зорлық жасағанын анықтады. Алға ауданының соты күдіктіге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2025 жылдың қарашасында Ақтөбе облысында 53 жастағы ер адам келінін зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік.
Астанада 55 жастағы ер адам ауыр халдегі анасын тұншықтырып өлтірген
Ол төсек тартып жатқан анасын ұдайы ұрып-соққаны белгілі болған
Идеяны жүзеге асыруға $100 000: Қазақстандық студенттер Red Bull Basement-пен бірге Кремний алқабына аттанады
Идея авторлардың егде жастағы туыстары күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарын бақылау нәтижесінде пайда болған