Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем чемпионатында топ жарды
Анастасия Городко фристайл-могулдан жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол параллельді могулда үздік атанды. Ақтық сында Городко америкалық Риз Чапделайнді жеңді. Қола жүлдеге америкалық Эбби Макларнон ие болды. Бұған қоса, бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.
Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Городко үш жүлде иеленген. Параллельді могулда жеңіске жетіп, жекелей есепте және аралас командалық сында екінші орын алды. Сондай-ақ 2024 жылғы әлем чемпионатында ол могул бойынша бірінші, ал параллельді могулда екінші орын алған еді.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді

