Қазақстандық қос дзюдошы “Гранд-Слэм” турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Париж төрінде дзюдодон жылдың алғашқы “Гранд-Слэм” турнирі өтті. Байрақты бәсекеде 81 келіде сынға түскен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол қола жүлде үшін тартыста Аустрия елінің өкілі Бернд Фасчиннен айласын асырды.
Бұл Абылайхан Жұбаназардың “Гранд-Слэм” турниріндегі жетінші жүлдесі. Ол бұған дейін 1, күміс, 5 қола медаль еншілеген.
Сондай-ақ 100 келіге дейін салмақта Нұрлыхан Шархан да қола медальды қанжығасына байлады.
Нұрлыхан Шархае нидерландтық Симон Катаринмен өзара мықтыны анықтады. Отандасымыз шешуші сәтте ваза ари әдісімен, қарсыласые сан соқтырып кетті.
Айта кетейік, Нұрлыхан Шархан тура 2024 жылы дәл осы Парижде қола медаль иеленген.
Бұған дейін 60 келіде бақ сынаған Аман Бақытжан дзюдодан жылдың алғашқы "Гранд-Слэм" турнирінде қола жүлде еншіледі