Қазақстандық ауыл мұғалімі әлеуметтік желінің жұлдызына айналды

Павлодар облысының ауылынан шыққан бастауыш сынып мұғалімі Игорь Гноевой әлеуметтік желілерде танымал болып, ТМД елдерінде жұрт назарын аударды. Ол оқытумен қатар, білім беру және ойын-сауыққа арналған видеороликтер жасап келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Игорь Гноевой ауыл мектебінде 10 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқыда ол неміс тілінің мұғалімі болуды жоспарлағанымен, мамандығы сұраныс таппаған соң бастауыш сыныпқа ауысқан.
Оның блогы екі жыл ішінде 350 мың жазылушы жинап, видеолары миллиондаған қаралымға ие болды. Барлық контент ата-аналардың келісімімен жарияланады.
"Кейбір мұғалімдер толық жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ, себебі есептер өте көп. Ал мен үшін сабаққа дайындық, шығармашылық – ең бастысы. Мен есеп жүргізуші немесе кадр бөлімінің қызметкері емеспін, мен мұғаліммін. Ішімде от жанып тұрады, балалармен жұмыс істегім келеді", – деді Игорь Гноевой.
Сонымен қатар Игорь Гноевойдың видеолары екі жыл ішінде миллиондаған қаралым жинаған.
"Жастар, ата-аналар, әжелер кіріп, қарады, зерттеді. Менің контентім әрдайым тек білім беру емес, психология туралы ойларыммен де бөлісемін, әсіресе жас мамандар үші", – деді Игорь Гноевой.
- Төсбелгі сатып алмақ болған қазақстандық мұғалімдер алаяққа алданып қалды
- "Ұстаздың зары болып тұр ғой": Желіде күйеуінен мәһрге принтер сұраған мұғалім көпті күлдірді
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдан бастап Қазақстанда мұғалім мәртебесін қорғау күшейтіліп, педагог тек оқытуға бағытталатынын жазған едік. Заң бойынша мұғалім блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы тиіс, есеп беру жеңілдетіледі, әлеуметтік желі тек ерікті жүргізіледі. Мектеп пен ата-ана бала тәрбиесіне бірдей жауапты болып, мұғалімге артық міндеттер жүктелмейді. Сонымен қатар жасанды интеллект пәні енгізіліп, мектептерде тамақтану, смартфон қолдану және қауіпсіздік стандарттары жаңартылады.