Қазақстандағы жемқорлардан тәркіленген ақша: Мектеп құрылысына қанша қаржы жиналды?
Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржы 121,7 миллиард теңгеге жетті. Ол қаражат 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті. Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
"Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 миллиард теңге түсті. Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 миллиард теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 миллиард теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға; тағы 12,6 миллиард теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады", - делінген хабарламада.
Вице-министрге берілген ресми құжаттағы қазақша мәтін желіде қызу талқыға түсті
Желі қолданушыдарының пікірінше, құжаттағы "наградталды" сөзі орыс тіліндегі "награждается" сөзінің тікелей аудармасы
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді