Қазақстанда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарға айыппұл төлеуде жеңілдік берілмейді

Депутат Марат Қожаев Сенат кулуарында жол ережелерін өрескел бұзғандарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдіктерді алып тастау керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның ұсынысына сәйкес, бір күнтізбелік жыл ішінде жол қозғалысы ережелерін он және одан да көп рет бұзған жүргізушілер кейінгі айыппұлдарды төлеу кезінде жеңілдіктер алу құқығынан айырылады.
Депутат бұған дейін бұл бастаманы Үкіметке ұсынған. Онда ұсыныс қолдауға ие болған. Келесі кезеңде – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілетін өзгерістер пакеті құрамына тиісті тармақ ретінде қосылуы мүмкін.