Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке пайда болады
Қазақстанда азаматтық авиация күнін атап өту жоспарға қойылды. Құжат “Ашық НҚА” порталында қоғам талқылауына шығарылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулы жобасында 1-ақпанда Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні ретінде атап өту ұсынылған.
“Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін. Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын”, - делінген құжатта.
Сонымен қатар құжатта Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күнін қалпына келтіру мәселесі де қозғалыпты. Ол 15 ақпан күні ретінде белгіленіп отыр.
Айта кетейік, қаулы шілде айының 11-не дейін ашық талқылауда болады.
Қоғамдық келісім құжаты – қостанайлықтар жаңа Конституцияны қолдады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Қостанай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді
Алматы әкімдігі 700 милллион теңгеге жаңа автокөліктер сатып алып, кейін оларды өзіне өзі жалға берген
700 миллион теңгеге 33 жаңа көлік сатып алынған